«Жомарт түлек» жобасының шарапаты

510

Жамбыл облысында осы өңірден шығып, бүгінде түрлі салада жетістікке жеткен танымал түлектерді жастарға таныту және үлгі ету мақсатында «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын.

Қолға алынған аталған жоба қазіргі кезде аймақтың барлық ауданында іске асырылу үстінде.

«Жомарт түлек» жобасы Сарысу ауданында дәстүрге сай биыл да жалғасын табуда.

Сарысу аудандық білім бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек:

Сарысу ауданы бойынша соңғы 30 жылда бітірген түлектер саны  -14996,

«Жамбыл түлек» кз сайтына тіркелген түлектер саны  14996 (100%)

Түлектер тарапынан өздері оқып бітірген мектептеріне қаржылай, тб. көмектер көрсетілуде. «Жомарт түлек» жобасы бойынша түлектердің көрсеткен көмектері  2020 жылы 36 млн 306 мың 638 теңге.

2021 жылы өткізілген тәрбиелік мәні бар  әр түрлі іс-шаралар саны -155 ,қамтылған оқушылар саны-2814, түлектер тарапынан материалдық және қаржылай көрсетілген көмектер бойынша қаржы көлемі 71 млн 562 мың тг (оның ішінде мектепке демеушілік көмегі 9 млн 412 мың, 62 млн 150 мың ауылдық округтер бойынша)

2022 жылы мектепте өткізілген тәрбиелік мәні бар  әр түрлі іс-шаралар саны -67, қамтылған оқушылар саны-925

Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды. «Қолы ашықтың-жолы ашық» — деп атам қазақ бекер айтпаған. Міне, осы мәтелдің мәнін түсіне білген бірқатар жомарт түлектер алты миллионға жуық қаржы көлемінде білім ошақтарына да көмек көрсетті.

Әрине, кіндігі кесілген туған жеріне, халқына қызмет ету, жақсылық жасау — ізгілікті іс.

Алдағы уақытта да жаны жомарт, мәрт түлектердің қайырымды тірліктері жалғасын табатындығына сенімдіміз.

 

Сарысу ауданы баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.