Жетісуда жолаушылар автобусынан 2 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық табылды

248
Полиция қызметкерлері Алматы — Өскемен бағытындағы тас жолда рейстік автобусты тоқтатты. Оның жүксалғышынан екі тоннаға жуық балық табылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Тексеріс барысында жүк иесі мен автобус жүргізушісінің балықты аулауға және тасымалдауға рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Заңсыз жүк тәркіленіп, қабылдау пунктіне жіберілді.

«1783 келі түрлі тұқымды балық тәркіленді. Оларды Үшарал — Алматы бағытындағы жолаушылар автобусымен заңсыз алып өтпек болған. Іс жүзінде жиналған материал жүк иесі мен автобус жүргізушісіне тиісті шаралар қабылдау үшін «Балқаш-Алакөл облысаралық балық инспекциясына» жіберілді», — деді полициядағылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.