Еліміздегі атаулы датаның тарихы 1920 жылғы 8 қарашадан басталады.
Мемлекет статистикалық мәліметтер бойынша түрлі салалар мен ведомстволардың жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік алады. Сол арқылы бюджет бөлінісін де реттейді.
Мемлекеттен басқа статистикалық қызмет жұмысына халықаралық ұйымдар мен бизнес-құрылымдар жүгінеді. Сондықтан да статистердің жұмысы нақтылықты, талдаудың дұрыстығын талап етеді. Тіпті оны басқа да ғылымдар өз зерттеулерінде, тәжірибесінде қолданатынын ескерсек, статистиканың біздің өмірімізде алар орны зор екенін байқаймыз.
Статистика саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Жамбыл облысының Өңірлік
коммуникациялар қызметі