ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ — БАСТЫ НАЗАРДА

106
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тағайындалған мерзімнен бастап жоспарлы және жоспардан тыс халықпен кездесулер өткізуде.
Мәселен Шөлдала, Ы.Сүлейменов көшесінің соңында орналасқан алқап тұрғындарымен 2 рет жүздесті. Көтерілген мәселелердің бірқатары қазірдің өзінде шешімін тапты.
Ал 15-мөлтек ауданында 4 рет тұрғындар шағымы мен пікірі тыңдалды. Мұндағы басты мәселелер — коммуникация жүйелері мен жолдарды кеңейту, әлеуметтік нысандар салу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қосымга қоғамдық көліктің қатынауы, тұрғын үйлердің сапасы. Бүгінде мөлтек ауданның егжей-тегжейлі жоспары қайта қаралды. Әлеуметтік нысандар мен қатар, көгалдандыру, саябақ пен гүлзарлар салу жұмыстарына мән берілмек. Алайда коммуникация жүргізу толық аяқталмай жолдарды кеңейту және көгеріштендіру жұмыстары басталмайды. Бүгінде коммуникация желілерін ауыстыру басталды. Жаңа жобаға сәйкес бұл жұмыстар алдағы 3 жыл көлемінде толық шешімін таппақ. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер жолдары мен көлік жылдамдығын бәсеңдететін жасанды кедергілер қойылды.
Сондай-ақ 3-аумақтық округ тұрғындарымен кездесуде халық тарапынан жаңа 61-мектеп айналасындағы қауіпсіздік мәселесі көтерілген болатын. Яғни тараздықтар бағдаршам, тротуар, көше жарығы және 2 аялдама қоюды сұраған.
Аталмыш мәселелердің шешімін табатындығын айтқан шаһар басшысы сала мамандарына нақты тапсырмалар берген болатын.
Қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында Б.Орынбеков пен жобалаушы компания басшысы мен жауапты мамандар жоғарыда атаған мәселені туындаған жерде талқылады. Нәтижесінде нақты шешімдер қабылданды.
Ал Тектұрмас аумағындағы тұрғындармен кездесуде зират қоршауын жол бойынан бірнеше мерт тысқары жерге орналастыруға уағдаласты.
Айта кету керек шаһар басшысының жоспарға сай аумақтық округ тұрғындарымен кездесулері туралы хабарландыру әкімдіктің ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ әр жұма сайын азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау (алдын ала жазылу арқылы) өтеді.
Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.