Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асу барысы қаралды.


Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша, ұсынылып отырған 10 ауылдық округте 26 072 тұрғын тұрады десек, ондағы аула саны 4386-ны құрайды. Жалпы 1600-ден астам жобаны іске асыру көзделуде.






Бес бағыт бойынша өзге де қатысты басқармалар атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жиын қорытындысымен тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Жамбыл облысы әкімдігі