Таразда қарияны қағып, қашып кеткен күдікті ұсталды

73

2022 жылдың 23 қазанында сағат 14:00 шамасында Тараз қаласы Айша бибі көшесінің бойында 77 жастағы жаяу жүргіншіні белгісіз автокөлік соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші әр түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Белгісіз жүргізушінің автокөлігімен жол-көлік апаты орнынан кетіп қалу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 347-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.

Жамбыл облысы ЖПКБ іздестіру тобымен жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде қылмысқа қатысы бар «Мерседес Бенц МЛ-320» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 72 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті кінәсын толық мойындады. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекеті) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қажетті сараптамалар реті тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.