Ақтөбе облысында тас жолдың бойындағы қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясына Бадамша ауылы маңындағы «Рождество – Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар түсті. Нәрестенің денесі қара полиэтилен пакеттің ішінде болған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.