Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдік студенттің бірінің мәйіті табылды

117

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің мәйіті табылды. Саяхаттау кезінде суға батып кеткен шетелдік студенттің мәйіті 26-шы маусымнан бері іздестіріліп жатқан еді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Ханарық ауылының төмен жағында Ақсу өзенінен мәйітті тапты. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

«Тағы бір шетелдің студенттің мәйітін іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Бұл жұмыстарға Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылған»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, шетелдік екі студент биыл 26-шы маусым күні Төлеби ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен болатын. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген болып шықты. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Артынша суға батқан екі жігіттің ата-аналары да Қазақстанға келіп, іздеу шараларына қатысқан еді.

https://turkystan.kz/article/199808-turkistan-oblysynda-suga-batyp-ketken-sheteldik-studenttin-birinin-meyiti-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.