Тұңғыш президенттің экс-кеңесшісі Елбасы 2012 жылы президенттіктен кетуі керек еді, ал Назарбаев билігінің аяқталуы оның «жарқын саяси мансабына нұқсан келтірді» деп санайды.
Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, «Егер Назарбаев доллар бағамы 125 теңге болғанда кетіп қалса, ұлы тұлға ретінде ел есінде қалар еді». Бірақ 2011 және 2015 жылдардағы екі «президенттік сайлау науқанынан» кейін тағы үш девальвация халықтың ұлттық валютаға деген сенімін жойып жіберді. Биліктің Елбасыдан Тоқаевқа өтуіне халық та, саяси элита да күмәнмен қарады.
«Бажкеноваға жауап» хабарының жаңа санынан қараңыз: Елбасы неліктен дер кезінде кетпеді, қаңтардағы митингілерге ҰҚК-нің араласпауы, Тоқаев пен Назарбаевтың саяси одағы, Қаңтар трагедиясы және Елбасының биліктен толық айырылуы.