Білім ордаларының байланысы беки түспек

556

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне жоғары оқу орындары арасындағы іскерлік байланысты арттыру мақсатында Satbayev University-нің арнайы делегациясы келді.
Satbayev University-нің Басқарма төрағасы-ректоры Мейрам Бегентаев бастаған делегация мүшелері – оқу орнының корпооративтік даму және статегиялық жоспарлау ісі жөніндегі проректоры Ержан Күлдеев, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров, К.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ ісі жөніндегі институттың директоры Асқар Сыздықов, басқарманың аппарат басшысы Сапар Шалабаев Дулати университетінің ғылыми кеңесімен кездесті.
Кездесуде Талғат Ілиясұлы маман даярлау ісінде сапаға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты арттырудың маңызы зор екеніне тоқталды. Бүгінгі жасалатын екіжақты келісімшарттың арқасында қос университеттің түлектері теориялық және практикалық тұрғыда білім-білігін нығайтып, ел экономикасын дамытатын кадрға айналатынына сенім білдірді.
Кездесу барысында болашақтағы бірлескен ғылыми жұмыстар мен оқу бағдарламаларын жүзеге асырудағы ынқтымақтастықты арттыру мәселелері сөз болды. Соңында университетаралық байланысты нығайту, ғылымды дамыту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды. Мейрам Мұхаметрахымұлы бүгінгі жасасқан меморандумның бір жағынан өзара тәжірибе алмасуға жол ашатынына, екіншіден, жасақталған материалдық-техникалық базаны, әсіресе, ғылыми-зерттеу лабораторияларындағы технологиялық мүмкіндіктерді ортақ пайдалануға мүмкіндік беретінен атап айтты.
Айта кету керек, Ұлттық ғылыми-техникалық зерттеу университеті мәртебесін алған оқу орнымен жасасқан екіжақты келісім туралы құжатта кадрлардың біліктілігін және қайта даярлау деңгейін арттыру бағдарламаларын, қосдипломды білім беруді ұйымдастыру және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ қос университеттің технологиялары мен зерттеулерінің нәтижелерін ілгерілету жолдары ойластырылған. Ғалымдар ұсынған ғылыми жобаларды Жамбыл өңірінде жүзеге асыру да жоспарда бар. Сондықтан, магистрлер  және PhD докторларын даярлау деңгейін көтеруге қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.