ВАЗ жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы қағып кетті

342

Қарағандыда 29 жастағы ВАЗ жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы қағып кетті.

Оқиға Тәттімбет көшесінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, көлік қаққан кезде кішкентай бала шанада болған, ал үлкен қыз оны сүйреп келе жатқан. Зардап шеккендер соққыдан бірнеше метр алысқа ұшып кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео Avaria_krg Telegram каналында жарияланды. Болжам бойынша, зардап шеккендер бір үйдің балалары.

«Оқиға салдарынан зардап шеккен он бес және бес жастағы балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл дерек полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

С

Leave A Reply

Your email address will not be published.