Ақтөбелік хиромант Тоқаев жайлы не айтқан?

432

Ақтөбелік хиромант Айсара Өмірзаққызы резидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мінезі жайлы хиромантиялық болжам жасапты.

Ол алдымен интернеттен Президенттің алақанын ашып тұрған, саусақтары анық көрінетін суретін тауып алған. Сосын оның әр саусағының ұзын-қысқа, түзу-қисық екеніне қарап  саусақарына талдау жасаған.

«Сұқ саусақ шылдыр шүмектен жоғары болса, мұндай адам билікке батыл қадам жасай алады.

Хиромантияда бас бармақ — адамның өзі. Егер ол биік болса, өмірде жетістікке жетеді. Мәселен, Президенттің бас бармағанының төменгі және жоғарғы бөлігі, яғни ерік-жігер мен логикасы жақсы дамыған. Дегенмен төменгі бөлігінің дамуы сәл жоғары, демек бұндай адам ақыл ой мен күшті мінезге ие.

Ал кішкентай саусақ басқа саусақтардан сәл алыс тұр. Бұл біреудің еркіне бағынғысы келмейтінін және командамен жұмыс істей алатынын көрсетеді.

Алақанның өзі ұзын, әрі барлық бұжырлар анық көрінген. Бұл өмірлік қуаты қалыпты, сұлулық пен шығармашылыққа құштарлықты білдіреді, — дейді ол.

Хиромант Президенттің қисық саусағы жоқ екеніне де назар аударыпты. Хиромантияда саусақтың түзу болуы сенімді, алдына мақсат қойған адам екенін көрсетеді екен. Қалай ойлайсыздар, хироманттың мінездемесі сай келе ме?

newsroom.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.