Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:59-де Орталық Азияның энергия жүйесіндегі (Өзбекстан, Қырғызстан) авариялық теңгерімсіздікке байланысты «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр энергиясының транзитіне 500 кВ қуат көлемінде жүктеме түсті.
Салдарынан «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиті Қазақстанның оңтүстігіндегі тұтынушылар жарықсыз қалған, электр желісінде авариялық ақаулар пайда болған. Шектеу көлемі шамамен 1500 мегаватт.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысының барлық аумағында электрмен қамту қалпына келтірілді.