Шу жастары кеңес беру алаңын өткізді

273

Шу ауданының «Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ағмдағы жылдың шілде айының 2 күні «Достық» сауда үйінің алдында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Көмек керуені» қайырымдылық жобасы аясында кеңес беру алаңы өткізілді.

 Аталған шара барысында елуден астам аудан тұрғындары өз кезегінде дін, тұрғын үй, жұмыспен қамту, психолог, терапевт мамандары көмегімен өз сұрақтарына толыққанды жауап алды. Бұл шараның шарапатын шулықтар жыл сайын сезініп келеді.

Қызмет алу үшін әр жерде орналасқан мемлекеттік мекемелерге сабылмай, бір жерден қажетті ақпаратымызды алуға мүмкіндік берді,-дейді кеңес беру алаңына келген тұрғындар. Кеңес беру алаңдары тек Шу ауданында ғана емес барлық аудандарда тұрақты түрде өткізілуде. Алдағы уақытта өзге сала мамандарын шақыру жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.