«Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының облыстық кезеңі басталды

154

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан 2021 жылды қоса алғанда жетінші рет өткізілуде.

Қысқа мерзім ішінде «Мерейлі отбасы» байқауының мәні артып, жалпыхалықтық байқауға айналды. Жыл өткен сайын шараға қатысуға өтініш білдіргендердің қатары ұлғая түсуде.

Облысымызда 2014 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда байқауда 1200-ден астам отбасы бақ сынады. Олардың 60%-нан астамы көпбалалы, 185-і интернационалдық отбасылар. 2018 жылы Т.Рысқұлов ауданынан Ниязқұловтардың ұстаздар жанұясы республикалық кезеңнің жеңімпазы атанған болатын.

Ағымдағы жылы байқаудық аудандық/қалалық кезеңі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өткізілді. Аудандық/қалалық кезеңге барлығы 201 отбасы қатысып, аудандық/қалалық комиссияның шешімдерімен облыстық кезеңге 22 отбасы жолдама алды. Облыстық кезең ағымдағы жылдың 1-15 шілде аралығында өткізілуде.

Облыстық комиссия отырысында байқаудың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады. Жеңімпаз 1 отбасының құжаты республикалық ұйымдастыру комитетіне жолданады.

Сонымен қатар, жеңімпаз және жүлдегер отбасыларды салтанатты марапаттау рәсімі де ұйымдастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.