Жаңатаста қазандық жұмысын қалпына келтіру шаралары қолға алынды

303

2021 жылдың 9 ақпанында сағат 20:00-де Жаңатас қаласындағы «Жаңатас Су-жылу» КММ орталық қазандығында жылыту құрылғылары істен шықты.

Облыс әкімінің тапсырмасымен оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек, Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов пен коммуналдық мекемелердің басшылары аттанды.

Жүргізілген жөндеу жұмыстары нәтижесінде 10 ақпан сағат 07:00-де қазандық іске қосылды. Қазіргі уақытта жылу +24 градус, ал қайтарымы +21 градуспен берілуде.

Жылу және ыстық сумен қамтуды тұрақтандыру жөнінде барлық тиісті шаралар қолға алынды. Медициналық нысандар уақытша қосымша электр жылыту құрылғыларымен қамтылды.

Жаңатас қаласына жылу берудегі температуралық режимді толық қалпына келтіру жұмыстары 18:00-де аяқталады деп жоспарлануда.

Қаладағы орталық жылу қазандығы 92 көпқабатты тұрғын үй, 41 бюджеттік мекеме, оның ішінде 11 білім беру және 2 денсаулық сақтау нысанын жылумен қамтиды.

Құрылғылардың істен шығу себептерін анықтау мен Жаңатас қаласын жылумен қамтуды қалпына келтіру бойынша жұмыс тобы құрылды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.