Жасыл елде жұмыс жасау кейбір жастарға ұят саналуы мүмкін. Алайда өз өлкеңді, туған жеріңді өзгертуге сәл де болсын көмек қолын созу, арланатын мен мақтанатын әрекет. Өзгелер «енді немен айналыссам екен?» деп әлі кунге шейін ойланып жүрсе, сен әрекет етуді әлдеқайда бастап кеткенің үлкен жеңіс. Өзгелерді өзгерткің келсе алдымен өзіңді жақсы арнаға, пайдалы нәрсеге қарай өзгерт, сонда сен жеткен жетістікті көрген жандар сенің ізіңмен жүретін болады. Мейлі ол қандай жұмыс болмасын, кез келген нәрсенің бейнетпен, бір қайырымен келетіні секілді, жасыл елде жұмыс жасау тек қаланы тазарту емес, өз ойыңды, өз айналаңды, ішкі жан дүниең мен ортаңды тазарту. Сондықтан жасыл елде жұмыс жасаған қыздар мен жігіттерді көргенде мен үнемі ол жандар уақытты босқа емес, пайдалы арнаға жұмсаған жандар деп қараймын.
Жамбыл облысы «Жасыл ел»
еңбек жасағының штабы