50-ден астам қордайлықтың сұрағына жауап берілді

313

Қордай ауданында 15 маусым күні бастау алған көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін Жамбыл ауылдық округінде жалғасын тапты. Қабылдауға аудан әкімі, аудандық прокурор, полиция бөлімінің бастығы, халыққа қызмет көрсету орталығының директоры және аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары қатысып, тұрғындарды толғандырған түрлі сауалдарға жауап берді. Құрамына Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылдары кіретін округ тұрғындарын толғандырған сұрақтары тұрғын үй және жер телімін алу, жеке тұрғын үйдің құжаттарын заңдастыру, жайылым жерлердің аздығы. Сонымен қатар, ауылішілік жолдарды жөндеу, жарықтандыру мәселелерін де көтеріп жатқан ауыл азаматтары да болды. Жалпы бүгінгі күнгі қабылдауға 53 жамбылдық келіп, 18 азаматтың сұрағы дер кезінде шешімін тапса, 30-на түсініктеме беріліп, 5 азаматтың сұрағы бақылауға алынды. Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер хаттамаға түсіріліп, аудан әкімінің тұрақты бақылауына алынған. Ауыл тұрғындарымен ашық сұхбат орнатып, мәселелерін шешуге бағытталған көшпелі қоғамдық қабылдау ертең Степной ауылдық округінде жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.