Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

328

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жобаларын іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап отырған жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға (кәсіпкерлік потенциалы бар), ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге төмен пайыздық мөлшерлемемен екінші деңгейлі банктер арқылы кредит алу мүмкіндігі бар.

Кредит беру мақсаты: инвестициялық қызмет, айналым қаражатын толықтыру.

Мөлшерлеме: жылдық 6%-дан артық емес.

Кредит сомасы: 6 500 АЕК-ден аспайды (2020 жылы 17 231 500 теңге.)

Толық ақпаратты Халықты жұмыспен қамту орталығынан (Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78, тел.:94-11-69) немесе Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалынан (Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №94, тел.:99-94-70) алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.