Оңалтудың оңтайлы жүйесі

436

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментімен Жамбыл облысы әкімдігінің спорт басқармасымен бекітілген «ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру туралы» жоспарына сәйкес ағымдағы  жылдың қараша айының 2 жұлдызы  күні  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/5 мекемесінде Жамбыл облысы әкімдігінің спорт басқармасының қызметкерлері Н.Ауесханов, Е.Грубин, А.Радченколармен бірлесе отырып сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, қол күрес, гір тасын көтеру және т.б. спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

«Тәрбиелі – тәртіптің құлы» деген аталы сөздің түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жүрген сотталған азаматтарға да қатысы бар. Өйткені, жаза басқан немесе қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылған азаматтардың қоғамға да, етжақын тума-туыстарының арасына да дені сау адам болып оралғаны жөн.

 

М. Маханов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/5 мекемесінің САТӘПЖБ бастығы,

әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.