Қазіргі таңда медициналық қызмет сапаның жағдайы халық арасында әр түрлі деңгейде айтылуда. Бірі мақтаса, бірі жамандауда. Осы себепті халықтың медициналық қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Адырна – Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі барлық медициналық ұйымдарда сауалнама алу жоспарлануда. Сауалнаманың басты мақсаты – медициналық ұйымдардағы қателіктерді анықтап, ол бойынша алдағы уақытта жұмыс жасау. Қазіргі кезде жоғары медициналық қызметке еліміздің барлық азаматы мен азаматшасы лайық екені белгілі. Сол себепті Бұл жобаға облысымыздың барлық тұрғындары мен емдеу мекемелерінің пациенттерін белсенді атсалысуға шақырамыз.
Нұрсейіт Қарабаев,
«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі