94 жастағы «әлемдегі ең лас адам» алғаш рет жуынғаннан кейін қайтыс болды

1 454

«Әлемдегі ең лас адам» ретінде танылған Иранның 94 жастағы тұрғыны Аму Хаджи қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

Иранның Фарс провинциясындағы Дейга ауылының тұрғыны Аму Хаджи желіде «әлемдегі ең лас адам» ретінде кеңінен танылды. Ол ауырып қаламын деп қорқып, сабын мен суды пайдаланудан бас тартқан. Хаджи жердегі шұңқырда өмір сүрді.

Бірнеше ай бұрын Аму Хаджи ауылдастарының қысымымен жуынуға келіскен. Ирандық БАҚ оның денсаулығы тез нашарлай бастады деп хабарлайды. Ол өткен жексенбіде қайтыс болды.

Алайда кейбіреулер оның «әлемдегі ең лас адам» деген мәртебесіне күмәнмен қарайды. Мысалы, 2009 жылдары Үндістаннан келген ер адам туралы хабарлар пайда болды. Ол сол кездің өзінде 35 жыл бойы жуынбаған, тістерін де тазаламаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.