500 мыңға жуық ресейлік қазақстандық банктерден шот ашқан

51

492 мың ресейлік азамат қазақстандық банктерден шот ашқан. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 492 мың Ресейдің резиденті қазақстандық банктерден шот ашқан. Бұл шоттарда 1,4 трлн теңге ақша бар. 2022 жылғы 1 ақпанда 157 мың адам болған. Яғни, шот ашушылар саны 492 мыңға көбейген. 151 млрд теңгеден 1,4 трлн теңгеге өсіп отыр. Бұл Ресейден ақша келіп жатса, біздің экономикаға оң әсерін беріп жатыр деген сөз», – деді Қизатов.

Оның айтуынша, банк секторы капиталдандыру көрсеткіштері бойынша да, өтімділік көрсеткіштері бойынша да үлкен беріктік қорын көрсетіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.