Көкшетау полиция басқармасы бастығының орынбасары сотталды

113

27 наурызда Көкшетау қалалық соты Көкшетау қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры М-ге қатысты айыптау үкімін жариялады. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. 

«Полиция қызметкері кәсіпкердің 49 700 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені және оны басқа орган тергеп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін пара беруге итермелегеніне кінәлі деп танылды», – делінген хабарламада.

Сотталушы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ «полиция майоры» арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

https://turkystan.kz/article/218257-kokshetau-politsiya-baskarmasy-bastygynyn-orynbasary-sottaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.