Астаналықтар да Шавкат Рахмоновқа ат мінгізді

91

Елордада аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа құрмет көрсетіліп, лайықты сый-сияпат жасалды. Отандық спортшыға ат мінгізу сәтінің видеосы Instagram желісінде тарады.

Видеода Шавкат Рахмоновқа жұртшылық шапан жауып, ат мінгізіп, құрмет көрсетіп жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ, бейнежазба астында Шавкат Рахмоновтқа аталған сыйды меценат, Астана қаласы бойынша ат спорты федерациясының президенті Әлібек Мұқатаевтың жасағаны айтылған.

«Өзім спортпен айналысамын және спортшыларды жақсы түсінемін. Өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануына және үлгі тұту мақсатында Шавкатқа жылқы сыйға тартуды ұйғардым. Әлеуметтік медианың күшін білесіз, бұны көрген жастар ойланады, түрткі болады, дем береді. Шавкат Рахмоновтан бөлек, бұған дейін боксшы Сәкен Бибосынов және басқа да спортшыларға ат мінгіздім. Спортшы жігіттерімізді үнемі қолдауға тырысамын», – дейді меценат Әлібек Мұқатаев.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбедегі орталық саябақта тойланған Наурыз мейрамында спортшыға құрмет көрсетіліп, ат мінгізді.

 

https://turkystan.kz/article/218246-astanalyktar-da-shavkat-rahmonovka-at-mingizdi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.