30 ноутбук — 16,5 млн, 50 доп — 2,5 млн теңге: Оралдағы былыққа жол берілмеді

183

Мемлекеттік сатып алуларды мониторинг жасау барысында Орал қаласында тауарды қымбатқа сатып алу деректері анықталды. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады.

Мысалы орталықтардың бірі 30 ноутбукты 550 мың теңгеден, жалпы сомасы 16,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың шын мәніндегі бағасы 219 мың теңге болған. Осылайша, орталық ноутбукты 2 есе қымбат етіп сатып алмақ болған.

Антикордың тексерісінен кейін орталық мемлекеттік сатып алу бойынша тауардың құнын қайта есептеген. Осылайша, бюджет 9,9 миллион теңгеге қысқарған.

Дәл осындай жағдай спорт клубында да болған. Ондағылар 50 доптың әрқайсысын 50 мың теңгеге, жалпы 2,5 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Ал тауардың негізгі бағасы – 5 900 теңге.

Спорт клубының басшылығы да тауар бағасын қайта есептеп, 2 миллион теңге қысқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.