2026 жылға қарай 7,5 мыңға жуық ұстаз тапшы болады

37

Бұл туралы республикалық жиында Астана халықаралық университеті педагогикалық институтының меңгерушісі Жанна Ахмадиева айтты.

Оның айтуынша, елордада жаңа мектептердің салынуымен қатар ұстаздар жетіспейді.

Қазіргі кезеңде елордада орналасқан 18 жоғары оқу орнының үшеуі ғана оқытушыларды дайындайды: Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана халықаралық университеті және Амангелді Хұсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық университеті.

«Педагогикалық кадрлардың біркелкі бөлінбеуін республика бойынша байқауға болатыны белгілі. Орыс тілінде оқытатын кадрлардың тапшылығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Мәселен, өткен жылы «Химия» білім беру бағдарламасына 38 талапкер түсті, оның ішінде тек екеуі ғана  орыс тілін таңдаған. Бұл әрбір ЖОО студенті үшін оқу траекториясын жеке бейімдеу қажеттілігін туындатады, бұл оқу орындары үшін де қаржылық   жағынан тиімсіз», – деді Ахмадиева.

Ол сондай-ақ мұндай жағдайлар педагогикалық кадрлардың қысқаруына және орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдердің «қартаюы» да әсерін тигізіп отыр .

«Астанаға мұғалімдерге деген қажеттілікті болжау мен анықтауды Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары қазірдің өзінде 2026 жылға қарай Астанада 7,5 мыңға жуық ұстаз тапшы болатынын айтты .

 

aqmeshit-zhastary.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.