2023 ЖЫЛЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ӨТЕДІ

560
Бұл туралы мәдениет, архив саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөніндегі алқа мәжілісінде басқарма басшысы Ерлан Жүнісбай айтты.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2022 жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2023 жылға жоспарланған жобалар туралы айтты.
Сөз соңында:
— мәдениет саласына қолдау көрсеткен облыс басшылығына, жыл бойы бізбен бірге бірлесіп жұмыс жасаған басқармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына алғыс білдіремін.
Баршаңызды алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында абыроймен жұмыс атқаруға шақырамын!
2023 жыл – мәдениет саласы үшін толағай табыстар жылы болсын!, — деді Ерлан Нұрманұлы.
Басқарма басшысынан кейін Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев аймақтағы мәдениет үйлері мен клуб жұмысы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Эльмира Абдин өңірдегі кітапханалалардың даму қарқыны бойынша баяндама жасады.
Облыстағы бірқатар басқарма басшыларының, Тараз қаласы мен аудан әкімдері орынбасарларының, мәдениет, архив саласындағы қызметкерлердің қатысуымен өткен кеңесте салаға қатысты ойлар мен ұсыныстар ортаға салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.