Жазасын өтеуші 101 азамат рақымшылыққа ілікті

225

Өткен жылдың 20 қазанында ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, заңға сәйкес азаматтардың және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстары үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатындығын мәлімдеген еді.

Осыған орай ел көлемінде сотталған азаматтар амнистияға ілігуде. Бұл қатарда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелерде жазасын өтеп жатқандар да бар. Соның бірі – ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеуге кесілген Ақылжан Естай.

Жуырда ұлының жағдайын білуге ұзақ мерзімді кездесуге келген оның анасы Шолпан Баймбекова бауыр еті баласының рақымшылық аясында бостандыққа шығатынын біліп, шын қуанғаны бар. Осыған орай ол жүрегін жарып шыққан ақ тілегін ақ қағаз бетіне түсіріп, рақымшылық танытқан мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевқа, баласының түзеліп, қоғамға қайта оралуына сеп болған мекеме басшылығына алғысын жеткізді.

Жалпы «Рақымшылық туралы» Заң аясына ЖД-158/2 мекемесінде 101 адам ілігіп отыр. Оның 30-ы бостандыққа шықса, 70-інің жаза мерзімі қысқартылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.