Есірткімен күрес жұмыстарының нәтижесі талқыланды

150

Есірткімен күрес – қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі. Елімізде есірткі саудасымен айналысатындардың, наша тұтынатындардың жолына тосқауыл болу үшін барлық тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Бұл қатарда түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың арасында тыйым салынған заттардың таратылуына жол бермеу бағытында да жұмыстар қолға алынған.

Осыған орай ЖД-158/2 мекемесінде Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Жарылғаповтың төрағалығымен жиын өтті. Басқосуға облыстық және Тараз қалалық прокуратура өкілдері қатысты.

Маңызды отырыс барысында ҚАЖД және Полиция департаменті есіркіге қарсы іс-қимыл басқармасымен ағымдағы жылы ЖД-158/2 мекемесі аумағына есірткі заттарын жеткізу, соның ішінде асыра лақтыру деректері бойынша атқарылған іс-шаралар нәтижесі қарастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.