Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруы

1 305

Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жобасын Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі белсенді іске асырып келеді.
Бүгінгі таңда бағдарлама — тұлғалық даму, ұлттық бірегейлікті және халықаралық таныстыру, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы атты бағыттары бойынша 13 арнайы жобалары арқылы іске асырылуда. Мысалы: «Тұлғалық даму» бағыты бойынша — 79 іс-шара өткізіліп, оған 13039 оқушы, «Ұлттық бірегейлікті және халықаралық таныстыру» бағыты бойынша – 37 іс-шара өткізіліп, оған 9212 оқушы, «Мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы» бағытында – 8 іс-шара өткізіліп, 351 оқушы қамтылды. Қала деңгейінде 124 іс-шара өткізіліп, оған 22602 адам қамтылды. Аталған іс-шаралардың барлығы дерлік мекемелердің ресми сайттарында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланған. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-тың баспа беттерінде 33 мақала жарық көрді.
Білім бөлімі мен бөлімге қарасты білім беру мекемелері «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Түркі әлемінің генезисі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобалары аясында жұмыс жүргізуде.
Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасуына бағдарламаның беретін мүмкіндіктері өте көп. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуына ықпал ететін «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2019-2020 оқу жылында мектептерге «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстары 7-8 сыныптарға енгізілді. 7122 оқушы туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен танысып, өз еліне деген патриоттық қасиеттерін аталған сабақтар аясында қалыптастыра алды.
Барлық білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында 5-7 сынып оқушыларымен Тараз қаласының мұражайлары, тарихи-мәдени ескерткіштері мен кітапханаларында мұражай сабақтары ұйымдастырылып, барлығы 5600 оқушы мектептен тыс жерлерде білімдерін кеңейтті. Нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор екендігі тәжірибеде айқын көрінеді.
Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуіміз үшін Қазіргі жастар тарихы тереңде жатқан халықтың өткенінен тағылым алып, келешегі жарқын болуы үшін тәуелсіз еліміз берген барлық мүмкіндікті мүлт жібермеуі керек. Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануы үшін кітап оқуға деген ынталарын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында №№30,47 мектептерде «Коворкинг» орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, №№11, 30 мектептерде кітап оқуға ынталандыру үшін сүйікті кітаптарды таныстыру мақсатында «Book daiting» атты танымал тұлғалар ақын, жазушылармен кездесулер өткізілді. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында жоба жеңімпаздары мен спорт жұлдыздарымен мектеп оқушылары арасында «Taraz Talks» мотивациялық кездесулері де жүйелі түрде өткізіліп жүр.
Білім бөлімінің «Бүгінгі түлек — ертеңгі тірек» арнайы жобасы бойынша 251 табысты түлектермен кездесулер мен сабақтар өткізіліп, 43 меценат түлектер білім ордаларына өз көмектерін көрсетті. Бұл іс-шараларға 43 3102 оқушы қамтылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету үшін «ДАРА» қайырымдылық қорының «Қазақстанда әр алуан, бірақ тең инклюзивті қоғам құру!» жобасы аясында №20 орта мектеп жанынан №2 ППТК (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті) 2020 жылдың 1 маусымы күні орталықтың салтанатты түрде ашылуы жоспарлануда. Аталған орталықта «Дара» қайырымдылық қорының демеушілігімен ағымды жөндеу жүргізіліп, мектептің бірқатар кабинеттері ППТК ашуға бейімделді. Сондай-ақ, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл мекемеде «Жайлау» (3), «Алатау» (8), «Самал» (7), «Салтанат» (4) және «Талас» (6) мөлтекаудандарында тұратын, қазіргі уақытта №1 ППТК барып жүрген 150 балаға қызмет көрсетілетін болады.
Мекемеде мамандардың кабинеттері (емдік дене тәрбиесі залы, Монтессори кабинеті, психолог кабинеті, логопед кабинеті, сурдопедагог кабинеті, әдіскер кабинеті, әлеуметтік — тұрмыстық бейімдеу кабинеті) оңалту құрал — жабдықтарымен, әдістемелік материалдармен, әдеби және ойын арқылы дамытатын Монтессори материалдарымен жабдықталды. Кабинеттерде дефектолог, логопед мұғалімдері, педагог — психолог мамандары, сурдопедагог, әлеуметтік педагог, ЕДШ нұсқаушысы, медбике — массажист, әдіскер мамандары қызмет етеді. Балаларды психологиялық — педагогикалық түзету кабинетіне қабылдау психологиялық — медициналық-педагогикалық консультациясы (ПМПК) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Рухани жаңғыру – жарқын болашақтың кепілі, қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.

У. Байдуанов,

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.