11971 әскери бөліміне 22 жыл

118
Бүгін 11971 әскери бөліміне 22 жыл толып отыр. Ел намысын арқалаған әскери азаматтар атаулы күнді концерттік іс-шарамен бастады.
Іс-шараға аудан әкімі орынбасары Нұрсұлтан Бақытжанұлы мен Аманат партиясының Меркі аудандық филиалының төрағасы Шағатаева Күлайым Жексембіқызы қатысты.
Әскери бөлім қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап Оңтүстік өңірлік әскерлер қолбасшысы генерал-майор Мереке Мәтімұлы Көшекбаев арнайы келді.
Генерал-майор Мереке Мәтімұлы Көшекбаев ардагерлерге адал қызмет атқарғандары үшін алғыс білдіріп, әскери бөлім қызметкерлеріне қажымас қайрат, толағай табыс тіледі.
Сонымен қатар ауданымыздың құрметті азаматы Совет Қалманбетов әскери қызметшілер мен сарбаздарға ақыл-кеңес айтып, отан қорғау жолына жігерлендіріп, рух берді.
Аудандық мәдениет үйінің өнер майталмандары мен әскери бөлімнің қызметшілері концерттік іс-шара барысында ән айтып, би билеп келген қонақтардың алғысына бөленді.

 

Меркі Ауданы Әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.