1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

76

AMANAT партиясының 2023-2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады, деп хабарлады turkystan.kz.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

  •  Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%,
  •  Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%,
  •  Техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50% арттырылды.

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

  •  докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
  •  даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
  •  магистранттарға – 97 024 теңге;
  •  интерндерге – 75 890 теңге;

– жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;

– техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

– техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.

Айта кетейік, сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.