Жуалыға 2026 жылы 7,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылады

122

Жуалы ауданында биыл жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жобалардың ішінде ауыл шаруашылығы саласында құны 2,5 млрд теңге болатын 2 жоба, өнеркәсіп саласында 2 млрд теңгелік 2 жоба және туризм бағытында 3,2 млрд теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылмақ.

Аталған инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және аудан бюджетінің кірісін көбейтуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, инвестициялық белсенділіктің артуы аудан экономикасының тұрақты дамуына оң әсер етуде. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 3 млрд теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім көрсеткен.

фото: ашық дерек

Leave A Reply

Your email address will not be published.