Жуалыдағы шеберлік сағаты

611

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен бастау алған «Ауылдық клуб — 2020» ауылдық клуб меңгерушілеріне арналған шеберлік сағаты Жуалы ауданында өтті.
Ауылдық клуб қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, біліктілігін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған шараға ауылдық клуб меңгерушілері және аудандық мәдениет үйлерінің директорлары қатысуда.
Шараға арнайы шақыртылған Республикалық «Format E» мәдени даму оқу әдістемелік орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ерлан Әуесбаев клуб қызметкерлеріне «Мәдени-демалыс қызметінің теориялық мәселелері» және «Ауылдық клуб жұмысының жаңа әдістерін арттыру бағыттары» тақырыптары бойынша шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында Мәдени-демалыс ұйымдарының озық тәжірибесінің жаңа бағыттарын игеру мен клуб жұмысының жаңа әдістерін жетілдру тақырыптары кеңінен түсіндіріліп, көрерменге рухани демалысты қалай сыйлауға болатындығы жайында идеялар айтылды.
Тиісінше қатысушылар да өз тарапынан түрлі сұрақтар қойып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Нұралы Абдуллаев режиссерлік шеберлік турасында бірқатар тың әдістерімен бөлісіп, алдағы жоспарланған іс-шаралар жайын пысықтады.
Бағдарлама соңында қатысушыларға біліктілікті жоғарылату туралы куәлік табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.