Жуалыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

516

Жуалы ауданындағы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылында Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Бұл шара аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді ашық, қолжетімді, сапалы көрсету және әр сала бойынша тиісінше мәліметтер беру мақсатында өтті.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, білім, ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімдері, АХАЖ және аудандық әділет басқармасы, аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметі, аудандық орталық аурухана, аудандық ХҚКО, жұмыспен қамту орталағы сияқты барлығы 14 мекеме өз салалары бойынша ақпараттарымен бөлісті.
Тұрғындар арасында жәрмеңке мемлекеттік билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік берді.
Аталған шарада денсаулық, құрылыс, салық, жұмыспен қамту, көші-қон қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болды. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.