Жігітке жеті өнерде аз

33

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде сотталғандар арасында «Ал, қәне, жігіттер» атты байқау ұйымдастырылды. Аталған сайыс мекеменің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімімен ағымдағы жылдың 4-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес сотталғандардың эстетикалық тәрбиесін арттыру мақсатында өткізілді.

— Жазасын өтеуші азаматтар үшін бұл іс-шараның маңызы зор. Себебі, шалыс басып, бармақ тістеген олар өнер арқылы жақсылыққа ұмытылып, түзелу жолына түсуге талпынады. Бұдан бөлек, қолөнерге бейімделіп, сурет салуға күш салады. Әдеби шығармаларды да оқуға мүмкіндік таба алады, — деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Айгүл Танашева.

Сайысқа қатысушылар таныстыру, сұрақ-жауап бойынша бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салды. Бірі-гитарамен ән шырқаса, енді бірі-күмбірлете күй тартып, өлең оқып, жиналған көпшілікті поэзия әлеміне бойлатты. Келесі кезекте жігіттерге спорттық сайыста бақтарын сынауға тапсырма берілді. Бұл сынақта да сайыскерлердің әрқайсы осал емес екендіктерін дәлелдеуге тырысып бақты. сынақ бойынша жігіттердің зияткерлік деңгейін анықтайтын сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды.

Тартысты өткен байқаудың қорытындысында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан үздіктерге мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.