Түзеу мекемесінде жұмыс орындары көптеп ашылмақ

286

Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде 740 шақты адам жазасын өтеуде. Сотталғандар үшін өндірістегі жұмыстар сүйікті іс болып табылады. Олардың ұлттық нақышта жасаған кәдесыйлары көпшілікті де, туған-туыстарын да қуантуда. Себебі, жақынын қапас шығар жол іздеп, еңбек еткеніне қуанған туыстары олардың іскерлігін медет тұтады.

Айта кетейік, түзеу мекемесі жанында №15 кәсіби-техникалық колледжі бар. Онда жазасын өтеушілер тігінші, аспазшы, кран жүргізушісі, электромеханик, ағаш ұстасы, темір өңдеу және слесарь-сантехник сынды 7 мамандық бойынша білім алады.

Жалпыреспубликалық бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күніне келген «Лесбаев» ЖК өкілі Нұрбол Лесбаев аталған мекеме ішіндегі жұмыс орнын кеңейтуді ойға алғанын айтып, бұл іске мекеме әкімшілігі тарапынан қолдау болса деген ниетін білдірді. Өз кезегінде мекеме басшылығы оның өтініші заңға сәйкес қанағаттандырылатынын жеткізді.

— Түзеу мекемесінде жұмыс орындарының көп болуы жазасын өтеушілердің түзелуіне өз септігін тигізеді. Сондықтан, біз заңға сәйкес мұнда жұмыс орындарын ашқысы келген кәсіпкерлерді мейлінше қолдайтын боламыз, — деді мекеме бастығының орынбасары Дархан Жақсыбеков.

Жансая Еркебаева,
ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.