Жемқорлыққа жол бермеу жайы сөз болды

449

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әке­ле­тіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қа­зақстан Рес­публикасының мемлекеттік сая­са­тының негізгі басымдылықтарының бі­рі болып осы зұлымдықпен күресу болып бекітілген.

Бұл ретте ел көлемінде аталған қоғам дертінің алдын алуға бағытталған шаралар жүргізілуде. Оның қатарына мемлекеттік қызметшілерге сыбайластықтың зияны мен оны болдырмау шараларын үйрету, аталған тақырыпта дәріс оқу жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылады. Осындай басқосудың бірі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде өтті.

Аталған жиынға Жамбыл облыстық прокуратурасы 2-ші басқармасының прокуроры Б. Бектенұлы қатысты. Мекеме қызметкерлері алдында жасаған баяндамасында прокурор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жөнінде терең түсінік беріп өтті.

– Бағдарламаның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі – бизнеске жасалатын әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру, оның ішінде барлық рұқсаттарды электронды түрде беруді қамтамасыз етуі.

Бұл бағдарлама бойынша көптеген жұмыстар жасалуда. Мәселен мемлекеттік мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлық көріністерін кесуге бағытталған жоспарларын жасақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыру және жетілдіру барысы туралы халықты хабардар ету енгізілген.

Осыған орай облысымзда мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарлары жасақтылып, жоспарлардың орындалуы үнемі бақылауда тұр. Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас жемқорлықпен күресте өте маңызды, – деді Б. Бектенұлы.

Келесі кезекте мекеменің тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы М. Төлендиев мекемедегі мемлекеттік сатып алуды жүргізу жайында түсінік берсе, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, әділет кіші лейтенанты А. Нуманов Қазақстан Республикасы және әлемдегі саяси ақпараттарды жеткізу төңірегінде сөз қозғады.

Айгүл Жүнісова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесі кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы,

әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.