Жемқорлыққа қатысты сауалнама нәтижесінде, бірқатар аудандар көш бастап тұр

423

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Д.Омаров айтты.

«Transparency International Kazakhstan» қоғамдық қорымен Қазақстандағы жемқорлықтың деңгейін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары нәтижесі барысында Жамбыл облысында «мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің қайсысы сыбайлас жемқорлық мәмілелеріне жиі қатысады?» — деген, сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, облыс бойынша: 23,8% – басшылар, 52,4% – жетекші мамандар және инспекторлар деп жауап берілген.

Ал, оның ішінде басшылар бойынша ең жоғары көрсеткіштер – Т.Рысқұлов ауданында – 50,0%,  Қордай ауданында – 30,4% және Жамбыл ауданында – 42,3% құрап отыр. Ал, бас мамандар, мамандар және инспекторлар бойынша Байзақ және Жуалы ауданында – 64,0%, Талас ауданында – 70,0% құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.