Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фирмалық стилін таныстырды

19

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты.

Мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылды.
Жарлыққа сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ерекше кешенді құзыреттер бөлінген тәуелсіз құқық қорғау органы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған.
Агенттіктің миссиясы мен құндылықтары.
Агенттіктің миссиясы алқалы түрде тұжырымдалды. Оны іске асыру тәсілдерді, ойлауды және іс-әрекеттің барлық үйреншікті алгоритмін өзгертуді көздейді.
Агенттіктің барлық бастамалары нақты құндылықтар арқылы жүзеге асырылатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірегей коммуникациялық фирмалық стилі жасалды. Агенттіктің эмблемасы (елтаңба) және коммуникациялық логотипі әзірленді. Эмблемада біздің коммуникациялық логотипіміз бен қалқанның ішіндегі ұлттық туымыздағы бүркіт үйлестірілген, ал төменгі жағында Агенттіктің құндылықтары – әділдік, парасаттылық, сенім белгіленген. Яғни, елтаңба біздің осы құндылықтарды ұстанатындығымызды көрсетеді.
Біз осы құндылықтарға сүйене отырып, фирмалық түстерді айқындадық:
— Аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды, теңгерімділікті бейнелейді.
— Ақ түс – парасаттылық, адалдық, сатылмаушылық, тазалықпен үндеседі.
— Көк түс – сенімділік, қауіпсіздік және тұрақтылық.
Агенттік қызметінің негізгі бағыттары. Агенттіктің құрылымы баяндалған құндылықтарды ескере отырып құрылды, бұл ретте шетелдік біршама табысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың үлгісі негізге алынды. Алдын алуды, ағартуды және қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды ұтымды үйлестіру ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шешуші өзгеріске қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.