Жеке сұрақтарымен қабылдады

393

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды.

Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биылғы жылғы 21 қарашада өткізу жоспарланған болатын.

Осыған орай 2019 Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет майоры Еркін Нұрбаев мекеме қызметіне қатысты сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау күнін өткізді.

Қабылдауға келген азаматша Айнаш Арықбаева мекеме басшысына бос жұмыс орны болса, жұмысқа қабылау туралы өтінішін айта келген екен. Азаматшаның өтінішін мұқият тыңдаған Еркін Үсенұлы оның қылмыстық-атқару жүйесіндегі ұзақ жылдар бойғы еңбек тәжірибесін ескере отырып, мәселесінің оң шешім табатынын жеткізді. Осыған орай мекеменің  кадр саясаты бөлімінің қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.

Келесі кезекте өтінішімен жүгінген П. Аязбаева мен Ш. Камбарова мекемеде жазасын өтеп жатқан Қ. Аязбаев есімді туысымен кездесуге рұқсат сұрай келген. Өз кезегінде мекеме бастығы сотталған азаматтың туыстарына оң шешім беріп, хал-жағдайын білуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, оның құқықтарының бұзылмауы, денсаулық жағдайы қадағалауда екенін жеткізді.

Мекеме бастығы Е. Нұрбаевтың айтуынша, республика көлемінде өткізіліп жатқан мұндай шара тұрғындардың мемлекеттік органдармен байланысын бекіте түсуіге үлкен септігін тигізеді.

– Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдаймыз. Мұндай шара азаматтардың өздерін мазалаған сұрақтарымен тікелей келіп, нақты жауаптарын алуға мүмкіндік береді, – дейді Еркін Үсенұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.