Жастар ұйымдары арасында жарыс өтті

585

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін  пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Студенттік құрлыс және «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары арасында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты спартакиада өтті.

Облыс  әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік жобасы шеңберінде ұйымдастырылған спорттық шара Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің базасында өтті. Спартакиадаға Жамбыл, Байзақ аудандары мен  қала көлемінде жұмыс жасап жатқан «Студенттік құрлыс» және «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен жарыста 200-ге жуық жас қамтылып, жарыс көркін қыздырды.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте III орынды Жамбыл ауданының жастары иеленсе,  II орын Студенттік құрлыс жасақтарының жетекшілеріне бұйырды. Ал Студенттік құрлыс жасақтарының командасы жеңімпаз ретінде танылды. Жарыс  соңында әрбір спорт түрінің жеңімпаздарына арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.