Жасөспірімдер арасында спорттық іс-шара өткізілді

26

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде демалыс күндеріне арналған жоспарға сәйкес мекемеде ұсталатын кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және командалық рухты нығайту.
Спорттық сайыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, төзімділігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Жарыс достық әрі тартысты жағдайда өтіп, қатысушылар әділ бәсекелестік пен өзара құрмет қағидаларын сақтады.
Мұндай тәрбиелік бағыттағы спорттық іс-шаралар кәмелетке толмағандардың денсаулығын нығайтуға, тәртіпке баулуға, олардың бойында жауапкершілік пен салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде тәрбиелік және спорттық бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес тұрақты түрде өткізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.