Жаңа жыл қарсаңында балалар қуанышқа бөленді

269

Сүйіспеншілік пен мейірімділік әрбір адам үшін ең бағалы сыйлықтар. Осыған орай, жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті Тараз қаласында тұратын 50 көпбалалы отбасының бүлдіршіндеріне мерекелік кеш ұйымдастырды. Әрбір баланың күнін қуанышты әрі бақытты ету баршамыздың қолымыздан келеді. Осы қағиданы ұстанған департамент қызметкерлері балаларға арнап қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да сый – құрмет көрсетілді. «Ізгілік елшісі» жобасының еріктілері үй-үйді аралап сыйлықтарын үлестірді. Бұл күні балаларға арнайы мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Аяз ата мен ақша қар балғындардың көңілін көтеру үшін барын салды. Сыйлықтар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлыған меркелік кеште балаларда өз тіліктерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.