ЖАҢА ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

101
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Копдикбаев Жуалы ауданының әкімдігінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ҚР-ның Конституциясына, мемлекеттік қызметшілер заңына енгізілген өзгерістір мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.
🔷Кездесу барысында, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптары, әдеп қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
🔷Сондай-ақ, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.