Жаңа қызмет-жаңа міндет

278

Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Нұрболат Сатымқұл Ақынғалиұлы тағайындалды.

Нұрболат Ақынғалиұлы 1992 жылы 11 қазанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Бәйтерек ауылында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған.
Ол еңбек жолын 2016 жылдың 5 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Ақпарат және талдау» орталығының консультанты болып бастап, кейіннен ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторинг бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратындағы облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың 14 маусымынан осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымында болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.