Жамбылда жат діни ағымдардың зардабы жайлы фильмдер түсірілмек

532

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптарын көрсетуге бағытталған бейнефильмді және бейнероликті дайындау» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасын ағымдағы жылда Жамбыл облыстық «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі іске асырмақ.

Жоба барысында өзекті тақырыптардағы төрт бейнеролик пен бір шағын форматтағы бейнефильм түсірілмек. Аталмыш материалдар жергілікті телеарналарда және әлеуметтік желілерде көпшілік назарына ұсынылмақ. Сонымен қатар, ел көп жиналатын орындарда да көрсетілетін болады. Қазіргі таңда дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптарын бейнероликтер арқылы халыққа жеткізу-ең ұтымды жолдардың бірі және бірегейі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.