Жамбылда жасалған цемент өнімдері Өзбекстанда жоғары сұранысқа ие

596

Қазақстанда жасалған цемент өнімдері Өзбекстан нарығында жоғары сұранысқа ие. Оны жергілікті сатушылар да растап отыр.

Отандық брендтердің арасында Жамбыл, Шымкент және Қарағандының цементтері бар. Сатушылардың айтуынша, шағын ғана құрылыс базарынан айына 300 тоннаға дейін біздің елде жасалған өнім сатылады екен. Бұл көрсеткіштің одан да артатын түрі бар. Өйткені Өзбекстанда құрылыс қарқын алған. Оған қоса, алып-сатарлар да бірінші кезекте Қазақстанда жасалған өнімді сұрайды екен. Өзбекстан Республикасы Сыртқы сауда министрлігінің мәліметіне жүгінсек, 2018 жылдың қаңтар және наурыз айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 543 миллион доллардан асып жығылған. Қазақстан экспорты 55,1%-ға артып, 399 миллион АҚШ долларын құраған. Импорт 25,6%-ға артқан. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында біздің елден Өзбекстанға 265 мың тонна цемент экспортталған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе артық. «Оған қоса, отандық өнімнің бағасы да қалтаға қонымды», — дейді сатушылар.

Өзбекстанда қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан цемент өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Әсіресе жұрт Қазақстан цементін көбірек сұрайды. Сапасы жақсы. Сауда қатарынан 200-300 тонна цемент сатылса, соның 60-70%-ы Қазақстанда жасалған отандық өнім сатылады. Өзіміздің өзбекстандық цементтердің де сапасы жақты. Өткенде зауыт аздап тоқтап қалған соң шеттен, яғни Қазақстаннан көптеп әкелінді. Арада ешқандай мәселе жоқ. Кедендік жеңілдіктерден кейін кедергісіз келетін болды. Кеден салығы бұрын бағаға әсер ететін. Қазір бағасы да арзан, – дейді сатушы Қахроман Насиров.

Аталған бағытта табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорынның бірі – Мыңарал цемент зауыты.

Аталмыш зауыт қазақстандық құрылысшылардың елде шетелдік зертханаларда тексерістен өткен еуропалық сападағы ең үздік өніммен қамтамасыз ету қажеттілігінің 15 пайызын қамтамасыз етуде. Одан жасалған бетон қышқылды-сілтілі ортадан, сортаң және тым қатты ылғандандырылған топырақтан қорықпайды. Бұл кәсіпорынның М-400 және М-500 жоғары сапалы цементі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік магистралінің құрылысында, ірі темірбетон және тұрғын үйлерді жабатын берік плиталарды дайындауда пайдаланылып келеді.

Жамбылдық кәсіпорында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылған. Оның едәуір бөлігі қызметкері шетелде оқытылған. Мамандардың тұрақты тұруы үшін Балқаш көлінің жағалауында тұрғын үйлер, тұру үшін қажетті барлық инфрақұрылым — балабақша, шағын маркет, дәрігерлік амбулатория, тұрмыстық қызмет көрсету орындары, кинозалы бар ойын-сауық орталығын қамтитын тұрғын кешені салынған.

Зауыттың іске қосылуынан кейін Мыңарал балық аулау кентінің тұрғындары үшін де жұмыс орындары ашылды. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің аясында кент мектебін жөндеуден өткізіп, жергілікті ондаған жігіт-қыздардың Тараздағы колледждер мен ЖОО-да білім алу ақысын төлеп отыр.

Елде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру құрылыс материалдарына, әсіресе, Мыңарал цемент зауытының өнімдеріне үлкен сұраныс туғызуда. Жамбыл цемент зауытының өнімдерін Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның құрылысшылары тұтынып отыр.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.