Жамбыл облысында көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр

551

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 14 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Қазір жаңадан бой көтерген 15-шағын ауданда 10 нысанның құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін қазынадан 4 миллиард теңге бөлінген.

Дайын баспаналар «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша беріледі. Қалған 4 үйді салуға Ұлттық қордан 1,6 миллиард теңге қарастырылған.

Жыл соңына дейін 1 мың 575 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлайды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 6 көппәтерлі үй өз қожайындарын тапқан.

Нұрбол Қалдыбаев, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы:

— Қаратау қаласында 4, Жаңатаста 1, және Тараз қаласында 1 арендалық тұрғын үй салынған. Былтыр Жамбыл облысы бойынша 397 мың шаршы метрлік баспана ел игілігіне берілген. Биылғы жоспар  430 мың 900 шаршы метрді құрайды.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.